23.06.2021, 21:05 19846

Бекшин: вакциналар барлық мутацияланған штамдардан қорғайды

АЛМАТЫ. 23 МАУСЫМ - Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ресейлік және қазақстандық вакциналар коронавирустың барлық белгілі мутацияланған штаммдарынан ағзаны қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бізде Спутник V және QazVac әзірлеушілерінің вакциналар барлық белгілі мутацияланған штаммдарды жұқтырудан қорғайды деген ресми мәлімдемесі бар", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

 
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер қалада коронавирусты қайта жұқтырудың 32 жағдайы тіркелгенін айтты. 
 
Бекшин қазақстандықтарды қауіпті инфекциямен, әсіресе оның штаммдарымен ауыруды болдырмау үшін вакцинациялауға шақырды.
 
Спикер тек вакцина ауруды болдырмауға және өлімді азайтуға көмектесетінін атап өтті. Әзірге Алматыда 386 222 адам егілді. Өткен тәулікте 5 840 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Вакцинацияланған 60 жастан астан адамдардың жалпы санынан 49 314 адамды құрайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Дельта коронавирусының мутацияланған штаммы айналымының ықтималдығы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны