07.03.2023, 14:42 38686

Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырда өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырда өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
Сурет: Depositphotos
Түпкілікті шешімді сарапшылар қауымдастығы қабылдайды

Астана. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Үкімет кулуарында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырда өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
 

25 мамырдағы соңғы қоңырауды қайтару туралы біраз ата-ана айтып жатыр. Шешімді қабылдау және оны осы жылы бірден өзгерту оңай емес. Бұл оқу жоспарына, мұғалімдердің сағатына және жоспарланған білім беру материалдарына әсер етеді. Осыған дейін қабылданған шешім биыл жүзеге асырылады", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

 
Министрдің айтуынша, соңғы қоңырау өткізу туралы бұйрықты оқу қауымдастығы мен ата-аналарды жинап, қайта қарау тапсырылды. Түпкілікті шешімді сарапшылар қауымдастығы қабылдайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтетіні айтылған еді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны