28.09.2022, 14:32 11626

Бейсенбі күні Алматыда электр сиреналары қосылады

2022 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласының ТЖД жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын жоспарлы түрде тексереді.
АЛМАТЫ. 28 ҚЫРКҮЙЕК - 2022 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласының ТЖД жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын жоспарлы түрде тексереді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оқу-жаттығу тексеруі электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналы арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы халыққа хабарлайды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

 
Алматы қ. ТЖД төтенше жағдайлар орын алған жағдайда электр дабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
 
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
 
- радио және теледидарды қосыңыз;
 
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
 
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
 
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
 
- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
 
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
 

Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын 29 қыркүйек күні сабыр сақтауға шақырады", - деп толықтырды ТЖД.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны