24.05.2022, 16:11 16626

Білім министрі мектеп асханаларының жұмысын тексерді

Мектеп асханаларының жұмысында бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблема бар.
Білім министрі мектеп асханаларының жұмысын тексерді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түрлі өңірлердегі мектеп асханаларының жұмысын тексерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Білім министрінің айтуынша, мектеп асханаларының жұмысында бақылауға алынатын және нормативтік құқықтық актілер деңгейінде шешілетін бірнеше проблема бар.
 

Осыған дейін асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу талабын бекіттік. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Бұл гигиенаның сақталуына әрі кезектің тез жылжуына көмектеседі. Сондай-ақ балаларда қолма-қол ақшаның болмауы оларды қауіптерден сақтайды. Ата-аналарға да шығындарды бақылау оңайырақ болады. Бірақ көбінесе қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері өшіріліп, пайдаланылмайды", - деп жазды Аймағамбетов өзінің Telegram-каналында.

 
Сондай-ақ, министр бір қалада бірдей өнім бағасында 50-70%-ға дейін айырмашылық болуы мүмкін екенін атап өтті.
 

Буфет өнімдерінің құны. Мектеп асханасында 0,5 литр су 300 теңгеден немесе бәліштер мен тоқаштардың дүкендердегі бағадан жоғары бағада сатылатыны сұрақ туындатады", - деп атап өтті ол.

 
Сонымен қатар, Аймағамбетов кейбір өңірлер асханаларды МЖӘ (Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) арқылы жеке кәсіпкерлерге беріп жүргенін атап өтті. 
 

Біз МЖӘ-нің дамуын қолдаймыз. Бірақ кейде бұл конкурсты өткізбеу үшін және асхананы кәсіпкерге тікелей (10-15 жылға) беру үшін жасалады. Біріншіден, біз конкурссыз Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ) бойынша емес, конкурс өткізілу керек деп санаймыз. Екіншіден, салым сомасы аз мөлшерде, мысалы, 5-7 млн теңге емес, тиісті көлемде болуы маңызды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын есте сақтап, бұл қаражаттар тоңазытқыштар, плиталар, үстелдер мен орындықтарды сатып алуға жұмсалатынын түсіну маңызды. Яғни, сайып келгенде кәсіпкер өз жұмысына қаражат салады. Үшіншіден, біз жұмыстың ақылға қонымды мерзімдерін белгілегенді қолдаймыз. Асхананы 15-20 жылға келісімшарт жасау сұрақ туғызады", - деп түсіндірді ол.

 
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, мектеп асханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тыйым салынған өнімдерді сату фактілерді анықталды (мысалы, фастфуд, газдалған сусындар, чипсы және т.б.). 
 

Министрліктің қызметкерлері бірнеше облысқа барып, бірқатар мектепте осындай фактілерді анықтады. Әсіресе Түркістан облысында. Мұндай фактілер анықталған жағдайда дереу СЭС органдарына хабарласу қажет", - деді ол.

 
Аймағамбетов министрлікте осы проблемаларды нормативтік деңгейде шешу үшін жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Заңнамаға бірқатар толықтыру енгізуге бастама жасалды, олардың шеңберінде арнайы нормалар бекітіледі. 
 

Бұл нормалар - асханалардағы буфет өнімдерінің бағасын реттеу, ашық конкурстар және ақылға қонымды кезеңге МЖӘ арқылы асханаларды беру, қолма-қол ақшасыз төлемді және тамақтанудың тиісті сапасын қамтамасыз ету. Біз кәсіпкерлердің мүдделерімен де санасу керегін түсінеміз, бірақ біз үшін балалар әрқашан бірінші орында. Демек, бұл олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды білдіреді", - деп түйіндеді БҒМ басшысы.

 
БҒМ-ге бір апта ішінде 65 мектеп асханасы мен дәретхананың нашар жағдайына 400-ден астам шағым түсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны