08.06.2021, 20:15 18835

"Бірге - таза Қазақстан" акциясы аясында қазақстандықтар 37 мың тоннадан астам қоқыс жинады

Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу қарсаңында "Бірге - таза Қазақстан" акциясы өтті, оның аясында 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің бүкіл облысының 150 мыңнан астам тұрғындары қатысты. Олардың арасында көптеген ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамның өкілдері, сондай-ақ 25 мыңнан жоғары экобелсенділер мен волонтерлер бар. Бірлескен күш-жігермен республиканың 492 локациясы бойынша 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
 
 "Бірге - таза Қазақстан" акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алды. Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.
 

Экологтардың кәсіби мерекесі жаздың алғашқы күндерінде тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тойлануыны символикалық мәнге ие. Осыған байланысты биыл алғаш рет Нұр-сұлтан мен Орынбор арасында телекөпір өткізілді. Бірлескен диалогта осындай іс-шаралардың жаҺандылығы мен қажеттілігі туралы пікір алмасты. Көрші мемлекет біздің ортақ су қоймамыз болып табылатын Жайық өзенінің жағасын тазалау бойынша жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров Ресей Федерациясындағы барлық қатысушылар мен әріптестеріне планета экологиясының жай-күйін бірлесіп реттеудегі түсініспеншіліктері пен ашықтығы үшін алғысын білді", - деп хабарлады Экология министрлігінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны