Биыл көктем ерте келеді: Павлодарда 52 ауылды су басуы мүмкін
Сурет: gov.kz
Павлодар облысы бойынша 52 ауыл қарғын судың құрсауында қалуы мүмкін. Сутасқынынан пайда болатын ықтимал апаттардың алдын алу бойынша өңірде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Керекуге көктем ерте келеді
Ауа райын болжаушылар көктем Керекуге ерте келеді деп хабарлап қойды. "Қазгидромет" РМК филиалының директоры Галина Шпактың ақпараты бойынша ақпанның екінші жартысында ылғал мол түседі. Температура нормадан 2 градусқа жоғары боладыб деп хабарлайды Inform.kz.
Наурыз айында даауа температурасы жылдағыдан 2 градусқа жоғары болмақшы. Топырақта қалған күзгі ылғалдың көлемі 60%-ға артса, қардағы судың қоры данормадан 7%-ға асып тұр.
Былтырғыдан төмен жалғыз ғана көрсеткіш- топырақтың орташа қату тереңдігі, олөткен жылмен салыстырғанда 41%-ғааз. Аймаққа негізгі қауіп көршілес Ақмола және Қарағанды облыстарынан келетіні дежасырын емес.
Аталған өңірлерде жиналып қалған ақ ұлпаның көлемі былтырғыдан 1,5 есе артық. Осыған байланысты негізгі күштер мен құралдар тобын Ақтоғай және Баянауыл аудандарына жіберу қарастырылған. Қазір облыста жедел штаб құрылған.
-Былтыр көктемдегі ауыртпалықты ескере отырып, жаз бен күзде 18,89км қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. 4,8км бұрма арналары жөнделіп, кейбірі қайта салынды. Автомобиль және темір жолдардың астына 24 суөткізу құрылыстары орнатылып, ауыстырылды. Арналар мен өзендердің учаскелерінде 7,8км тереңдету жүргізілді. Инженерлік жұмыстар жоспарымен 31 іс-шара іске асырылды. Жергілікті атқарушы органдар сутасқыны кезеңі үшін 5973 тонна инертті материалдар, 35 мың данадан астам қаптар, 68,6 тонна жанар-жағармай әзірлеп, тамақтануға 139 ниет шартын және жарылыс жұмыстарына 7 шарт жасасты. Сонымен қатар, мемлекеттік материалдық резервтен қозғалтқышының қуаттылығы 100 кВт, секундына 625 литр суайдайтын екі жылжымалы сорғы стансасы (АЕМ 500/10) берілді, -дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.
Ықтимал сутасқынымен күресуге 2327 адам, 699 инженерлік және арнайы техникалар, 23 жүзу құралы, 355 мотопомпа дайындалып қойған.
Қажет болған жағдайда Ертіс өзені бойында және оған кіретін өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге Аққулы, Май, Железин, Ертіс, Тереңкөл, Ақтоғай аудандарында және Ақсу қаласында 7 шарт жасалған.
-Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы Шүлбі суқоймасындағы судың көлемі 81,5% құрайды (өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артық). Осыған байланысты Павлодар және Ақсу қалаларының әкімдіктері қысқа мерзімде Ертіс өзенінің жағасын нығайту жұмыстарына кірісуі қажет,- дейді департамент бастығы.
Дайындығымыз мығым"
Сутасқынының алдын алу іс-шараларына облыстағы бюджеттерден 603,4млн теңге бөлу көзделіп отыр. Қаражат қаптар, инертті материалдар, мотор сорғылары, шлангтар мен құбыршек, жанар-жағармай материалдарын сатып алу, еріген суды сору, тырмалау, қар шығаруға және т.б. жаратылады.
Аймақта қар еріп, өзен-көлдер көтерілген уақытта 52 елді мекенді субасу қаупі бар. Субасу қаупіне неғұрлым бейім ауылдық жерлердегі тәуекелдерді төмендету мақсатында Атамекен кентінде, Кенжекөл ауылы мен Ақсу қаласы маңында қорғаныс үйінділерін нығайту жүргізілген.
Өткен жылы сутасқыны кезінде ең көп зардап шеккен Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылындажалпы сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын 3 қазаншұңқыр қазылып, ұзындығы 2,3км, биіктігі 3 метрге дейін топырақ үйінділері салынды.
АлБаянауыл ауданының Қаныш Сәтбаев, Ұзынбұлақ, Жаңажол және Жаңатілек ауылдарында лиманды суару жүйелерін реконструкциялау бойынша жобалар іске асырылуда.
Жобалар Айдос, Қарасу, Ащы өзендерінен келетін тасқын суларды жинақтауға және оларды лиманды суармалы жерлерге бөлуге бағытталған. Оның нәтижесінде Баянауылдағы 17 елді мекенді субасу қаупін азайтады.
-Өткен жылдардың қателігі облысқа сабақ болды. Кейбір жерлерде көктемгі субасудың қауіп-қатерін азайту үшін кешенді түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни жалпы құны 6,5млрд теңге қаражатқа бірқатар инвестициялық жобалар өміршең етілді. Атап айтқанда, Сілеті өзенінің облыс шекарасындағы арнасын тазартып, түбін тереңдету, жағалауды нығайту, Башмачное ауылында жағалауды бекіту жұмыстары іске асты. Қазір аумағымызда орналасқан 23 гидротехникалық құрылыс тұрақты мониторингте тұр (суқоймалары, бөгеттер және т.б.). Автожолдарда орналасқан 1 278 суөткізу құбыры бар. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне 20 ақпанға дейін қар шығару жұмыстарын жүргізу, 1 наурызға дейін "ҚазАвтоЖол" филиалымен бірлесіп жолдардағы суөткізу құбырларын ашу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Өңіріміз "Жасыл аймаққа" жатқызылғанына қарамастан, дайындығымыз жоғары деңгейде болуы керек. Баянауыл, Ақтоғай, Павлодар, Май аудандары ерекше назарда болады. Аудан әкімдері субасатын тарихи орындарды зерделеп, ауа райына, суайдындарының толуына мониторинг жүргізіп, халықты және инфрақұрылымды қорғау үшін барлық алдын алу шараларын қабылдауы қажет. Жалпы дайындығымыз мығым,- дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов.
Аудандардағы ахуал қалай?
Мамандардың сөзіне құлақ түрсек, биыл негізгі қауіп Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар аудандарында туындауы мүмкін. Ендеше аталған аудандардың дайындығы көңілден шыға ма?
Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, таулар мен далада жиналған қар қорынан бөлек, бірнеше суқоймасы орналасқан Қарағанды облысынан дамол сукеледі деп күтілуде.
-Сутасқынына жедел ден қою үшін көлік құралдары мен құрал-жабдықтар, жанармай қоры, инертті материалдар дайындалды. Ауданның автожолдарында 378 суөткізетін құбыр ашылады. Ауылдық аумақтардан қазірге дейін 2625 тонна қар шығарылды. Баянауылдағы сутасқыны жағдайының күрделенуі негізінен Ащысу өзенімен байланысты. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, Қарағандыдағы "Қаратоқа" суқоймасының жобалық көлемі- 3млн шаршы метр болса, қазір оған 1млн шаршы метрдей сужиналған. Ал4,2млн текше метр сусыятын "Ақжар" суқоймасы қазіргі күні 71%-ға толған. Бұл жағдай бізді алаңдатады,- дейді аудан басшысы Ардақ Кісентаев.
АлАқтоғай ауданы бойынша 7 елді мекен бақылауға алынған. Түсіндіре кетсек, Шұға, Шілікті, Жалаулы ауылдарына қалың түскен қардың еруі, Шолақсор ауылына Ақмола облысындағы Сілетіден келетін су, Әуелбек, Жаңабет, Жамбыл ауылдарына Ертіс өзенінің тасуы қауіп төндіреді. Жеті ауылда жалпы саны 2043 адам тұрып жатыр.
-Былтыр Жалаулы ауылында оннан астам үйді төтеннен келген топан субасып қалған еді. Елді мекенде 3 қазаңшұңқыр салынып, биыл келетін мол суды сол "жұтып" қоя мадеген үмітіміззор. Шұға ауылының аумағында Басқамыс-Қарақоға-Шұға-Жолболды автожолында 8 суөткізгіш құбырбар. Көктемгі кезеңде еріген суды төменгі учаскелерге бұру жұмыстары қосымша жоспарланып қойды. Әуелбек, Жаңабет, Жамбыл ауылдарында өткен жылы биіктігі 2-2,5 метр болатын топырақ үйінділері тұрғызылды. Ауылішілік жолдарды қысқы күтіп ұстауға, оның ішінде қар шығаруға аудандық бюджеттен 30,1млн теңге бөлінді. Алшұғыл шығындар үшін 24,6млн теңге қарастырылып қойды,- деп хабарлады Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.
Павлодар ауданы бойынша дадайындық пысықталып жатыр. Аудан басшысы Дидар Ибраев жуықта қауіп туындауы ықтимал Розовка, Рождественка, Ефремовка, Заря ауылдары тексерілгенін мәлім етті.
Мичурин, Жаңа қала, Черноярка, Сычевка, Каракөл және Пресное ауылдарында 3,8км қорғаныс бөгеттері тұрғызылып, нығайтылған. Биыл мұндағы елді мекендерден 12 мың тоннаға жуық қар шығарылады деп болжанып отыр.
Сәтбаев суарнасында комиссия құрылды
Сәтбаев атындағы каналда сутасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша комиссия құрылды.
Мұндағы өндірістік нысандарда төтенше жағдайлардың алдын алу және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 1 наурыздан бастап бөлімшелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру көзделіп қойған.
ҚР Суресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" РМК Павлодар филиалының басшысы Арман Оспановтың сөзінше, арна бойында 8 техника дайындалған.
-Павлодар филиалының нысандары мен гидротехникалық құрылыстарынан елді мекендерді субасу қаупі жоқ. Қазіргі таңда филиал нысандарында бөгеттерді, кірме жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Шідерті өзенінің жайылмасына 120млн текше метр көлемінде сужіберіледі деп күтіліп отыр. Нәтижесінде көптеген шөліркеп қалған жерлертіршілік нәріне қанады. Павлодар, Май және Ақтоғай аудандарында жалпы аумағы 16,7 мың гектар тұрақты суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша төрт жоба іске асырылуда. АлҚР сушаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Аққулы, Май, Ақтоғай аудандарында суару жүйелерін (сағаларды) қайта құру жоспарланды,- дейді кәсіпорын басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.