13.12.2022, 10:34 25666

"Болашақ" стипендиясына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеудің жаңа түрі енгізіледі

Үміткерлер QAZAQ RESMI TEST мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсына алады
"Болашақ" стипендиясына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеудің жаңа түрі енгізіледі
Сурет: Depositphotos
Астана. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" бұйрыққа стипендияға үміткерлердің мемлекеттік тілді білуінің қажетті ең төменгі деңгейі бөлігінде өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген В1 не одан жоғары деңгейде қазақ тілінен (ҚАЗТЕСТ) емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында әзірленген QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) онлайн тестілеу жүйесінде B1 және одан жоғары деңгейімен қазақ тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) ресми сертификатын, осы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру үшін Quick Response (Квик Респонс) штрих-кодының болуы және www.qrt.kz ресми сайтында үміткердің тестілеу нәтижелері туралы ақпаратты тексеру үшін үміткердің ID (АЙДИ) нөмірі ұсынылады", - делінген ұсынылған редакцияда.


QAZAQ RESMI TEST (QRT) - ресми-іскерлік қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ресми онлайн тест.

Тест академиялық талаптарды ескере отырып әзірленген және оны басқа бағыттарда кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Сондай-ақ, АМУ жанында тестке дайындалғысы келетіндер үшін дайындық ақылы курстары іске қосылды", - делінген салыстырмалы кестеде.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда студенттерге жылдық 2-3% білім беру несиесін алу мүмкіндігі беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны