30.06.2022, 16:45 23026

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын аудару шарттарын өзгертуді ұсынады

Егер өзгерістер қабылданса, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға бере алады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын аудару шарттарын өзгертуді ұсынады
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - ҚР Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кеңесінің мүшелері зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегіне байланыстырмай аудару шарттарын өзгертуді ұсынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Егер өзгерістер қабылданса, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға бере алады.
 

Зейнетақы қаражаты зейнетақы жүйесінен алынатын тұрғын үй мен емделу мақсатына қарағанда, ИПБ-ға (аудару үшін пайдаланылатын бірегей төлем идентификаторы. - Ескерт. KAZAKHSTAN TODAY) аударылған кезде ақша жүйеде қалады және оның нысаналы мақсаты сақталады", - деп мәлімдеді БЖЗҚ кеңесінің мерейтойлық отырысында басқарма төрағасы Жанат Құрманов.

 
Оның айтуынша, БЖЗҚ қаржы нарығымен бірлесіп ҚҚҚ (Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы) алаңында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегіне байланыстырмай-ақ, ИПБ-ға аударуға болатындай етіп, шарттарды өзгерту туралы ұсыныс қаралуда. 
 

Бұл ретте болашақта жеткіліктілік шектің мөлшерін есептеу зейнетақы аннуитеттерінің құнына негізделсе дұрыс болуы мүмкін", - деп атап өтті Құрманов.

 
Осылайша, БЖЗҚ ИПБ таңдау кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегімен шектелмей, БЖЗҚ салымшыларының ауқымын ұлғайту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуді ұсынды.
 
 "Jusan Invest" АҚ Басқарма төрағасы Максим Кабанов қазір қаржы және инвестиция туралы барлық ақпаратты қарапайым тілде жеткізудің өте маңызды екенін атап өтті: 
 

Шын мәнінде, қаржы нарығы өте күрделі. Біз қазір халыққа өздерінің зейнетақы активтеріне салым салудың маңызды әрі оның әлемдік тәжірибесі мол екенін жеткізуге тырысып жатырғанымызбен азаматтардың 90% ол жайында айтылғанның барлық қыр-сырын түсіне бермейді". 

 
Максим Кабанов модельдік портфельдің жиынтық кірістілігі мен бастапқы және қайталама тұрғын үй бағасының жиынтық өзгеруін салыстыра отырып, инвестициялаудың алғашқы түрінің пайдалы екенін атап көрсетіп, ұзақ мерзімді инвестициялау құралдарының мысалдарын келтірді. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгерді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны