03.12.2021, 19:21 35896

БЖЗҚ зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертеді

БЖЗҚ зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертеді
НҰР-СҰЛТАН. 3 ЖЕЛТОҚСАН - БЖЗҚ 2022 жылдан бастап зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жеткіліктілік шегін өзгертеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қор сайтында зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберінде 2022 жылға арналған жеткіліктілік шегі жарияланды.
 
Деректерге сәйкес, 25 жыл үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 2022 жылы 3 730 000 теңгені (ағымдағы жылы - 2 090 000 теңге), 30 жыл үшін - 4 370 000 теңгені (2021 жылы - 2 500 000 теңге), 40 жыл үшін шекті 5 790 000 теңгені (2021 жылы - 3 420 000 теңге), 45 жыл үшін - 6 580 000 теңгені (2021 жылы - 3 500 000 теңге), 50 жыл үшін - 7 430 000 теңгені (2021 жылы - 4 470 000 теңге) құрайды.
 
Мақсатты пайдалануға қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректерді БЖЗҚ сайты мен салымшының жеке кабинеті арқылы алуға болады. Ол үшін ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны