09.08.2021, 12:55 7592

Арыс қаласында cары фосфоры бар жүктің жану ауданында ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізілді

ТҮРКІСТАН. 9 ТАМЫЗ - Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің өртенуіне байланысты атмосфералық ауаның жоспардан тыс сынамасы алынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

06.08.2021 жылы сағат 17:20-да Арыс станциясының платформасында сары фосфоры бар жүктің жануына байланысты, "Қазгидромет" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының мониторинг зертханасы, жоспардан тыс іріктеу және атмосфералық ауа сынамаларын анализдеу үшін Арыс қаласына барды", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 
Сары фосфор – өте улы (ауадағы ШРК 0,0005 мг/м3), спецификалық сарымсақ иісті зат. Суда ерімейді, ауада тез тотығады және фосфор оксидінің ақ түтінін түзіп, өздігінен жанады.
 
Өрт шыққан Наурыз шағын ауданы қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде, шет жағында орналасқан. Қала тұрғындарының саны 1700 адамды құрайды. 
 
Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак. Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. Олар: 1) Қазыбек би көшесі, Орталық алаң (т/ж вокзалы ауданында); 2) Өркендеу к-сі, Наурыз ш/а, іріктеу уақыты 14:15; 3) Қаланың солтүстік бөлігі; 4) Е.Молдабаев атындағы орта мектеп, Мадалиев к-сі; 5) Орталық аудандық аурухананың жаны, Жұмабаев к-сі; 6) Аудан әкімдігінің жаны, Еркобек к-сі.
 

Өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

 
 
 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, өрттің себебі болуы мүмкін нұсқасы айтылды: "Алдын-ала нұсқа бойынша жүк жөнелтуші тиеудің техникалық шарттарын бұзған. АҚ "ҚТЖ" "ҰК"-да оқиғаның себептерін тексеру бойынша комиссия құрылды".
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны