03.05.2021, 21:19 15929

COVID-19-ға қарсы вакцина алған қазақстандықтар күндізгі режимде жұмыс істей алады

НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов қаулыға қол қойды, оған сәйкес COVID-19-ға қарсы вакцина алған және коронавируспен ауырып жазылған қазақстандықтар күндізгі режимде жұмыс істей алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі", - делінген құжатта.

 
Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
 
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 1 378 495 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны