Денсаулық сақтау министрі COVID-19 жағдайдың дамуының үш сценарийін айтты
Эпидемиологиялық жағдайды және вакцинациямен қамтуды ескере отырып, Министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты.
Мәселен, вакцинациялаудың тиімділігі 60%-дан кем болмайтын пессимистік сценарий кезінде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны 95 мыңға жуық адамды құрайды. Екінші реалистік сценарий бойынша, министрдің айтуынша, вакцинациялаудың тиімділігі кемінде 80%-ды құрайтын болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды. Вакцинациялаудың тиімділігі 95%-дан кем болмайтын оптимистік сценарийде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адамды құрайды", — деп атап өтті А. Цой.
Бұл ретте, қандай да бір сценарийдің іске асырылуы азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты болатынын атап өткен жөн.
А. Цой атап өткендей, әлемде COVID-19 ауруы мен өлімі бойынша жағдай тұрақсыз болып қалуда. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 167 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 450 мыңнан астам жағдай тіркелген. 3,4 миллионнан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1% құрады. 221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 104-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 111-орында.
Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 376 572 науқас және -КВИ-мен 54 716 жағдай тіркелді. Ел сары аймақта тұр", — деді А. Цой.
Жалпы, соңғы айда аурушаңдылық 20%-ға төмендеді.
Сонымен қатар 5 мамырдан бастап бір тәулікте сауығып кеткен науқастардың саны бір тәуліктегі науқастардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануының байқалып отырған үрдісін көрсетеді", — деп атап өтті А. Цой.
Сондай-ақ министр жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағындағы коронавирус штамдарын генетикалық зерттеу тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу қорытындысы бойынша үлгілердің 30%-ында "Британдық штамм" айналымы анықталды. Республика аумағында үнді штаммының айналымы анықталмаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.