04.11.2021, 16:12 16855

Мамин көрші елдерде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды

Ол вакцинация қарқынының айтарлықтай жақсаруы байқалмағанын атап өтті.
Мамин көрші елдерде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАРАША - Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин көрші елдерде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты шектеу шараларының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы жалғасып жатыр. Барлық өңірлерде ауыру деңгейінің, стационарлық және амбулаториялық емдеудегі ауыр жағдайлардың санының төмендеуі байқалады. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл аймақтан" шықты, қазір онда төрт өңір қалып отыр. "Сары" аймақта - төрт өңір, "жасыл" аймақта - тоғыз өңір бар. Көрші елдердегі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторинг топтарының күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді ҚР Премьер-Министрі.

 
Ол вакцинация қарқынының айтарлықтай жақсаруы байқалмағанын атап өтті.
 

Бүгінгі күні 8,3 млн астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,5 млн астам адам екінші компонентін алды. Нұр-Сұлтан қаласының, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын. Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тексеру жүргізіп, емдеу мекемелері мен қоймаларда қажетті дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың болу нормаларын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Мамин.

 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 396 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 2 қараша күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 109 жағдайы тіркелді. 2021 жылғы 3 қараша 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 944 501 жағдайы расталды. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы 79 948 ауру тіркелді. 
 
Бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны