21.12.2022, 13:27 32121

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда шошқа тұмауының таралуы туралы хабарлады

Вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда тұмаудың үш түрінің, соның ішінде шошқа тұмауының таралуы туралы хабарлады.

Қазір біздің елде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның "цербер" деген түрі де табылды", - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.


Сондай-ақ, министр анықталған тұмау штамдары туралы да баяндады.

Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз - вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді. Қазан айында тұмауға қарсы екпе алдым. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцина алдым. Мен өңірлерге барамын, көп адаммен кездесемін және ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде маска тағамын", - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.


Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны