27.05.2021, 23:56 13559

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтар маскаларын қашан шешіп тастай алатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың қашан маскасыз өмірге орала алатынын айтты.
 

Ол үшін біз халықтың негізгі бөлігіне екпе жасап үлгеруіміз керек. Жоспар бойынша вакциналауды күздің басына қарай аяқтау жоспары бар. Қыркүйекте азаматтарға барынша көп екпе жасауымыз керек. Көріп отырсыздар, Америка Құрама Штаттарындағы, Израильдегі жағдай халықтың негізгі бөлігін вакциналағанның арқасында біршама жақсарды. Азаматтардың 60 пайызына дейін вакцина салғандықтан, маскасын шешіп, қалыпты өмірге оралып жатыр. Ұжымдық иммунитет болғанда азаматтар бір-бірін вирустан қорғай алады. Ал қазір бізде вакцина алғанның өзінде масканы шешсе, ауру жұқтыру тәуекелі бар. Өйткені негізгі бөлігі вакцина алып біткен жоқ. Вакцина дегеніміз – вирус адамнан адамға жұққан кезде екпе алған адамнан ауру жұқтыру тізбегін үзетін құралы", - дейді министр.

 
Алексей Цой күзге дейін халықтың 60 пайызы вакцина алса, қалыпты өмірге оралу мүмкін екенін айтты.
 

Вакцина алған адамның саны неғұрлым көп болса, вирустың таралу мүмкіндігі соғұрлым тарыла түседі. Сондықтан күзге дейін азаматтардың 60 пайызын вакцинамен қамтуға тырысамыз. Сонда ғана біз маска режимін кезең-кезеңмен ала бастаймыз. Отандастарымызды тегін вакцина алуға шақырамыз. Қазақстанның вакцинаны тегін ұсынып отырғаны да жетістік. Әйтпесе ақылы екпе салып жатқан елдер де бар", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны