Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға шақырды
"Қазақстандықтардан КВИ алғашқы белгілері білінген кезде өзін-өзі емдеуге емес, медициналық көмекке жүгінуді сұраймын".
Бүгінгі күні КВИ-мен ауырған 120 мыңнан астам науқас емделуде. Сонымен қатар, бірінші күні реанимацияға жатқызылған пациенттердің үлесі 40%-дан асты және бұл агрессивті Дельта штаммының әсерімен, науқастардың өзін-өзі емдеуімен және олардың медициналық көмекке кеш жүгінуімен байланысты. Қазақстандықтардан КВИ алғашқы белгілері білінген кезде өзін-өзі емдеуге емес, медициналық көмекке жүгінуді сұраймын. Қарапайым ережелерді сақтау жүздеген адамдардың өмірін сақтап қалатынын есте сақтау керек", — деді А. Цой.
Министр Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендегенін айтты. 18 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада COVID-19-ның оң нәтижесі бар 708 379 науқас және КВИ- нәтижесі бар 66 381 науқас тіркелді. Түркістан облысынан басқа барлық аймақтар қызыл аймақта.
Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақталуы байқалды, орташа есеппен аптасына 53 мыңға жуық жағдай тіркеледі. 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-ден 0,97 -ге дейін 14%-ға төмендеді", — деді А. Цой.
Оның айтуынша, инфекциялық орындар 53%, реанимациялық орындар 47% жүктемеленген. Инфекциялық орындардың көп жүктемеленуі Ақтөбе облысында – 69%, Қызылорда облысында – 66%, Алматы облысында – 64%.
Вакциналау процесіне келетін болсақ, бүгінгі күнге дейін республикада бірінші компонентін 6,1 млн адам алды, тиісті халықтың қамтылуы 62% құрады, екінші компонентін 4,8 млн-ға жуық адам алды, бұл тиісті халықтың 48%-ын қамтиды. Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.