04.04.2022, 16:26 11911

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer препаратымен вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді

КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация үшін QazVac, Sinoрharm, Комирнати (Pfizer) вакциналары бар.
Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer препаратымен вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 4 СӘУІР - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Pfizer препаратымен вакцинация туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация үшін QazVac, Sinoрharm, Комирнати (Pfizer) вакциналары бар. 
 

Қазақстан Республикасының кез келген азаматы немесе Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп уақыт тұратын шетел азаматтары вакцинацияның бастапқы курсын, сонымен бірге ревакцинация ала алады. Олар барлық көрсетілген вакциналарды қолдана алады", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 
 "Комирнати" вакцинасымен (Phizer) 12 жастағы және одан үлкен барлық адамдар егіле алады. Оның ішінде Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп уақыт тұратын шетел азаматтары да бастапқы вакцинация кезінде қолдана алады.
 
Ведомствоның мәліметінше, шетелге сапарға шығуды жоспарлаған барлық адамдар "Комирнати" (Phizer) вакцинасын қолданып, вакцинацияның толық курсын қайта ала алады. 
 

Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттарын ұсынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта алуына болады. Бұл ретте, вакцина сапарға шығатын елдің талаптарына байланысты таңдалады. Егілетін адамнан немесе оның заңды өкілдерінен профилактикалық егу курсын қайта жүргізуге жазбаша түрде хабардар етілген келісім алынғаннан кейін КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта жүргізуге рұқсат етіледі", - деп атап өтті комитетте.

 
Вакцинация курсын қайтадан алу үшін шетелге шығуды растайтын мынадай құжаттарды ұсыну керек: виза (туристік, қонақ, іскерлік), оқуға, емделуге шақыру, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға – конкурстарға, конгрестерге және тағы басқаға қатысатынын растайтын құжат.
 
КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация (вакцинация және ревакцинация) мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайталау арасындағы интервал кемінде 3 ай.
 

Егер дозалар арасындағы интервал 3 айдан аспаса, вакцинацияның толық курсын қайта жүргізу кезінде ревакцинацияны КВИ-ға қарсы профилактикалық егулердің бірінші дозасы ретінде есепке алуға болады", - деп толықтырды ведомствода.

 
Шетелге шығу мақсатында КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын тұратын жердегі профилактикалық егулер жүргізетін медициналық ұйымнан алуға болады.
 
 "Комирнати" вакцинасымен КВИ-ға қарсы егу бірінші дозадан кейін 21-28 күн интервалмен екі рет жүргізіледі.
 
 "Комирнати" (Phizer) вакцинасы орталық қоймада 9 ай бойы минус 60-90 градус Цельсий температурада, медициналық ұйымдарда 1 ай бойы плюс 2-ден плюс 8 градус Цельсийге дейін температурада сақталады. Осыған байланысты, вакцина медициналық ұйымдарға тұтыну ескеріле отырып, аз мөлшерде жеткізіледі.
 

"Комирнати" (Phizer) вакцинасы бір құтыда 6 дозадан болады. Вакцинаның ашылған құтысы плюс 2-ден плюс 30 градус Цельсийге дейін температурада 6 сағатқа дейін сақталады. Содан кейін вакцина егуге жарамсыз болады. Осыған байланысты, вакцинаның негізсіз есептен шығарылуын болдырмау үшін құтының мөлшерін ескере отырып, егілетін адамдар санының жиналғаны маңызды, яғни қысқа уақыт ішінде 6 адамды егу керек, осыған байланысты бұл мәселеге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, комитет мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерде "Комирнати" (Phizer) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ға қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алған адамдар Қазақстанда осы вакцинамен вакцинация курсын аяқтай алады (тиісті интервалмен екінші дозаны алады).
 

Осы жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша республикада шамамен 2 млн. доза "Комирнати" (Phizer) вакцинасы бар, ол алдағы айларда егілетін адамдарды вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігін қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

 
КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында "eGov mobile" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде электрондық "Вакцинация паспорты" бар. Электрондық "Вакцинация паспортында" вакцинация және ревакцинация туралы деректер көрсетіледі.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісім жасалды, олар: Аргентина, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Черногория, Эстония, Жапония, Шри-Ланка, Эквадор елдері.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 11 жаңа жағдайы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны