22.07.2021, 23:41 9240

Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық қызметтердің жаңа тарифтерін бекітті

Атап айтқанда, ПТР тестін, антиденелер тестін және ауыр түрдегі COVID-19 емдеу тарифтері жаңартылды.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге жаңа тарифтерді бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.
 
Жаңа заң жобасы және тегін медициналық қызметтер тізімі 4 тамызға дейін "Ашық НҚА" сайтында жарияланып, көпшілік талқылауы үшін ашық.
 
Атап айтқанда, терапевт пен педиатрдың алғашқы қабылдау тарифі 1 405 теңгені құрайды. 
 
Алғашқы медициналық жедел жәрдемнің мобильді бригадасының шығуы мемлекетке 5 733 теңгені құрайды.
 
ПТР-тест 4 931,56 теңге мөлшерінде тарифтеледі, антиденеге тест - 4 154 теңге, ал антиденені анықтаудың экспресс-әдісі 869,73 теңге тұрады.
 
Сондай-ақ, стационарда COVID-19 емдеуге мынадай тарифтер белгіленген: 
 
COVID-19-ға күдік болған жағдайда стационарда бір күн 14 016,75 теңге; 
 
орташа ауыр дәрежедегі CОVID-19 емдеуге 73 350,75 теңге; 
 
коронавирустың ауыр және өте ауыр түрін емдеуге 422 786,19 теңге тұрады.
 
Денсаулық сақтау министрлігі тарифтер ауылдық жерлердегі жұмыс коэффициенттеріне және экологиялық коэффициенттерге байланысты өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. 
 
Өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны