20.04.2021, 20:52 9266

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияны ескере отырып, коронавирус ауруы бойынша жағдайдың даму болжамын айтты

НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация бойынша өтіп жатқан науқанды ескере отырып, коронавируспен сырқаттанушылық бойынша ахуалдың дамуына оптимистік және нақты болжам жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны кестеге сәйкес жалғастырған жағдайда сәуір айының соңында шарықтау шегімен тәулігіне 3000-ға дейін жағдай тіркеледі деп күтілуде. Нақты сценариймен және кестеге сәйкес вакцинациямен қамту арқылы тіркелу мамыр айының ортасында шарықтау шегімен күніне 4000 жағдайға жетуі мүмкін", - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

 
Ол вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетінін атап өтті. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 733 980 адам вакцинацияланды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны