01.03.2021, 19:14 10150

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияны ескеріп эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады

Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді.
Нұр-Сұлтан. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакцинацияны ескеріп жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылғы жұмыстың қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды", - деді министр.

 
Министрдің айтуынша, егілгендерді есептеу және иммундық жағдайды е-gov mobile "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі.
 

Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар - вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн. астам адамды егуді жоспарлап отырмыз", - деді А.Цой.

 
Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік "Спутник V" вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпаннан жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық "QazCovid-in" вакцинасын қолдану жоспарланған.
 
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды. 
 
Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын атап өтті.
 

Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет", - деді А.Цой.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны