12.09.2022, 16:07 22981

Досаев Алматыны дамытудың жаңа жоспарын таныстырды

Досаев Алматыны дамытудың жаңа жоспарын таныстырды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда 2030 жылға қарай 5 полиорталық ашылады: "Солтүстік", "Батыс", "Оңтүстік-батыс", "Шығыс қақпасы" және "Тарихи орталық". Қала тұрғындарының басым бөлігі осы орталықтарда тұратын болады. Бұл туралы "Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында" айтылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәслихат сессиясында әкімдік өкілдері жоспарды құру кезінде Токио, Лондон сияқты әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесіне сүйенгендерін жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.
 

Жапония мен Ұлыбританияның астаналары мегаполистердің ішінде бірнеше экономикалық және мәдени орталықтарды құруға сәтті қол жеткізіп, қаланың әртүрлі бөліктерінің біркелкі емес дамуы мәселелерін шеше алды", - делінген газет хабарламасында.

 
Барлық аудан бірігу және көшелердің желісі есебінен өзара байланыста болады. Қала тұрғындары қаланың кез-келген жеріне оңай бара алады. Полиорталықтарды дамыту экономиканың өсуіне және көшелерді әлеуметтендіруге ықпал етеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
 

"Север" – Алматы-1 темір жол станциясына іргелес аумақ. Бұл жерде қызмет көрсету саласы дамиды. Өндіріс пен базарлар жойылады. ҮАК бойы, Баум тоғайы сынды кейбір аумақтар демалыс пен көгалдандыруға қолданылады", - делінген баспасөз хабарламасында.

 
 "Шығыс қақпасы" – Талғар және Құлжа тас жолының ауданы. Әуежай аймағындағы көрме-ойын-сауық орнына және логистикалық хабқа айналады. 
 
 "Батыс" – Сайын және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан солтүстік-батысқа қарай. Индустриялық кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб.
 

"Оңтүстік-батыс" – Райымбек даңғылы мен Алатау көшесі. Шағын-өнеркәсіптік саябақтар, агроөнеркәсіптік өңдеу, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар", - деп хабарлайды әкімдік.

 
 "Тарихи орталық" – Алматының өзегі. Мұнда инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы және туристік бағыттар одан әрі дамитын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны