18.08.2022, 16:02 24541

Досаев "АртСпорт" бағдарламасы бойынша жағдайға түсініктеме берді

1 қыркүйектен бастап Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады.
Досаев "АртСпорт" бағдарламасы бойынша жағдайға түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 18 ТАМЫЗ - 1 қыркүйектен бастап Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады. Бұл туралы Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
 
Наурызбай ауданы тұрғындарының бірі кездесу кезінде әкімге балаларының Artsport бағдарламасы бойынша спорт секцияларына тегін баратынын жеткізіп, сұрақ қойды.
 

Бізге осы бағдарлама жақында жабылатыны айтылды. Енді Artsport жайы не болмақ?" - деп сұрады ол.

 
Қала әкімі Ерболат Досаев қызмет көрсетушілерге 1 қыркүйектен бастап қаржыландыру тоқтатылатыны туралы алдын ала хабарланғанын мәлімдеді.
 

Artsport бағдарламасын қаржыландыруға жергілікті бюджетте ақша жоқ. Біз қызмет қөрсетушілер мен ата-аналарға адал болдық. Біріншіден, қаржыландыру мәселесін шешу керек, оған бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Бағдарлама өте маңызды келісемін және ол біздің қалаға қажет", - деді ол.

 
Айтуынша, қазіргі таңда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорт секцияларының қалалық бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
 
Еске салсақ, бұған дейін астанада АртСпорт бағдарламасы аясында ваучерлер үлестірілетіні туралы WhatsApp арқылы жалған ақпарат тараған еді. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны