04.08.2022, 15:36 21451

Досаев: Бостандық ауданының негізгі мәселесі жаппай және нүктелі құрылыс болып қалуда

Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді.
Досаев: Бостандық ауданының негізгі мәселесі жаппай және нүктелі құрылыс болып қалуда
АЛМАТЫ. 4 ТАМЫЗ - Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев бүгінгі таңда ауданның негізгі мәселесі жаппай және нүктелі құрылыс болып қалып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әкімнің ақпараты бойынша, соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. Бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.
 
Ол мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілгенін еске салды. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай 9 қабатқа дейінгі тұрғын үйлердің қабаттылығы шектеліп, әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. 
 
Досаев құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кеткенін атап өтті.
 
Ерболат Досаев аудан тұрғындарын алаңдатып отырған құрылыс жұмыстарын жеке атап өтті.
 
 "Мега Алма-Ата" СОСО аумағындағы тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету үшін саябақ аймағы бар 500 келушіге арналған емхана құрылысына жер телімі сатып алынды. 
 

Әл-Фараби-Гагарин даңғылында 1000 орындық мектеп, Әл-Фараби-Радостовец даңғылында 120 орындық балабақша салу жоспарлануда. Құрылыс 2024 жылы аяқталады", - деп сендірді қала басшысы.

 
Сондай-ақ, ол ғаымдағы жылдың қазан айында АДК ауданында "Акварель" ТК-де әрқайсысы 150 орындық 2 балабақша ашылатынына уәде берді. 
 

2023 жылдың екінші жартысында 900 орындық мектеп, 180 орындық балабақша, полиция пункті мен сквердің құрылысы басталады. Қыркүйекте №65 мектеп жанынан 300 орындық қосалқы нысан құрылысы басталады, аяқталу мерзімі келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін", - деді ол.

 
№2 автопарк ауданында құрылыс салушы "BI group" ЖШС тұрғын үй кешені құрылысының жобасын түзетуде, ол 900 орындық мектепті, 300 орындық балабақшаны, 1,2 га жасыл аймақты қамтитын болады, бұл ретте тұрғын үй кешенінің қабаттылығы 9 қабаттан аспайды.
 
Сәтбаев-Шагабутдинов ауданында - бұрын осы аумақта 11 үйі бар 2 ТК құрылысы қарастырылған болатын. Бүгінде құрылыс салушы жобаны қайта қарап жатыр. Үйлер санын 11-ден 5-ке дейін қысқарту жоспарлануда. Босатылған аумақта ауданы 1 га саябақ, сквер, тұрақ және әкімшілік ғимараттар болады.
 
Абай даңғылы бойынша Алматы қаласының құрылуын қолдау аясында құрылыс салушы Абай даңғылы бойындағы 20 линия - Мыңбаев - Кәрімов - Абай даңғылының шаршы алаңында шамамен 60 сотық жер учаскесін сатып алу туралы Меморандумға қол қойды. 
 

Бұл аумақта құрылыс салушымен бірлесіп балабақша, променадтық аймақ, спортпен айналысуға арналған алаң, балалар алаңы, сквер салу жоспарлануда", - деді Ерболат Досаев.

 
 "Рамс city" ТК құрылыс салушы – бұрынғы жеміс консерві комбинатының ауданы бойынша үйлер санын 57-ден 37-ге дейін азайту үшін жобаны қайта қарады. Бұл ретте жоба әлеуметтік нысандардың құрылысымен толықтырылды: 1100 орындық мектеп, учаскелік полиция пункті, әрқайсысы 120 орындық 2 балабақша. Бұдан басқа, құрылыс салушы учаскенің солтүстік және оңтүстік жағынан абаттандыру және көгалдандыру үшін шамамен ауданы 1,3 га жер учаскелерін алып қою рәсімін жүргізеді.
 

14 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданды. Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және "workout" алаңдары орнатылады", - деп толықтырды Досаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны