20.05.2021, 22:25 14323

ДЗСҰО препараттардан жағымсыз реакцияларға 2 мыңнан астам шағым тіркеді

Хабарламалардың ең көп саны алыс шетелде өндірілген препараттарға келіп түсті (71,7%).
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Қазақстандықтар инфекцияға қарсы препараттарға жиірек шағымдана бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының (ДЗСҰО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы жылдың қаңтарынан бастап сәуіріне дейін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына (ДЗСҰО) жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы дәрілерді қолдану кезінде жағымсыз реакциялардың дамуы туралы хабарламалар жиірек келіп түсті.
 

Сөз бактерияға қарсы, микобактерияға қарсы, вирусқа қарсы препараттар, АИТВ инфекциясын емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ вакциналар туралы болып отыр. Жоғарыда атап көрсетілгендердің бәрін пайдаланғанда жағымсыз реакциялар шағымдары келіп түскен хабарламалардың жалпы мөлшерінен 64,5% құрады. Келіп түскен хабарламалардың басым бөлігі немесе 85%-ы күтілетін, яғни дәрілік заттың жалпы сипаттамасында және препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған реакциялар үлесіне тиеді. Дәріге болатын күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар үлесі 6% құрады", - деп хабарлады орталықта.

 
Өткен жылы Ұлттық орталыққа препараттарға болатын жағымсыз реакцияларға барлығы 2 мыңнан астам шағым келіп түсті. Хабарламалардың ең көп саны алыс шетелде өндірілген препараттарға келіп түсті (71,7%), отандық өндірушілерден түскен хабарламалардың үлес салмағы 23,6% құрады, ал анықталған жағымсыз реакциялардың 4,7%-ы ТМД дәрілік заттарына тән болды. Сонымен қатар, медициналық бұйымдарға қатысты 39 қолайсыз оқиға туралы хабарлама тіркелді.
 
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен бірлесіп дәрілерге, оның ішінде вакциналарға тұрақты фармакологиялық қадағалау, ал олардың қолданылу кезеңінде медициналық бұйымдарға мониторинг өткізеді.
 

Орталық жағымсыз реакциялардың карта-хабарламаларын тіркейді, әрбір нақты жағдай бойынша дәрілердің күмән тудыратын жағымсыз әсерлеріне талдау жасайды, жағымсыз реакцияның дамуы мен препаратты қабылдау арасындағы себеп-салдарлы байланысты зерттейді және сараптамалық қорытынды ұсынады. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Ұлттық орталық қорытындысының негізінде, қажет болса, дәрілік препараттың қолданылуын шектейді, маркетингін тоқтатады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізеді, нарықтан қайтарып алады және препараттың елде өндірілуіне, дистрибуциясына және қолданылуына тыйым салады", - деп түсіндірді орталықтың баспасөз қызметінде.

 
ДЗСҰО дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар көрініс берген немесе олардың емдік әсері болмаған жағдайда емханаға қаралып, медициналық қызметкермен бірге карта-хабарлама толтыру керек екенін еске салады. Осы орайда хабарламада әрбір нақты жағдайға барынша толық талдау жасау үшін қажетті деректерді: пациент, жайсыз оқиға, күмәнді препарат, өзін-өзі емдеуді қоса, басқа дәрілік заттар және т.б. туралы ақпаратты баяндау маңызды. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді денсаулыққа зиян келтірместен ұтымды қолдану керектігін есте сақтаған жөн.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны