11.08.2021, 17:42 12393

Еңбек министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу туралы таратылып жатқан ақпарат жалған деп атады

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - Табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

 
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды. 
 

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деп атап өтті ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны