03.03.2021, 18:00 10325

ЕАЭО елдеріне саяхат жасау үшін "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильді қосымшасы қажет болады

Интеграцияланған ақпараттық жүйеде көрсетілетін тест нәтижелерін алуға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Жақын арада Қазақстан азаматтары "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, ЕАЭО елдері бойынша іскерлік және жеке сапарларды жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Коронавирустық инфекция пандемиясы әлемнің көптеген елдерін, соның ішінде ЕАЭО елдерін азаматтар қозғалысының барлық түрлерін шектеуге мәжбүр етті. Шектеулер іскерлік және жеке сапарларды жүзеге асыратын азаматтардың мүмкіндіктеріне ғана емес, жалпы мемлекеттердің экономикалық дамуына да теріс әсер етті. Бір елден екінші елге баруды жоспарлаған азаматтардың қолайлылығын қамтамасыз ету үшін, бұл ретте екі елдің санитарлық талаптарын сақтай отырып, Еуразиялық Даму Банктің ЕАЭО-ға "COVID-19-сыз саяхаттаймын" платформасын әзірледі. Бұл платформа пайдаланушыға верификацияланған зертханалардың тізімін жылдам табуға, қажетті талдауларды тапсыруға және интеграцияланған ақпараттық жүйеде көрсетілетін тест нәтижелерін алуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Яғни, ЕАЭО елдеріне (бүгінгі таңда АР, БР және РФ) баруды жоспарлаған азаматтарға жоба шеңберінде әзірленген Мобильді қосымшаны орнату қажет, бұл сізге көлік түрін және баруға жоспарланған елді таңдауға мүмкіндік беретін Қосымшада тіркелгеннен кейін пайдаланушыға жоспарланған сапар күніне келу/кету еліндегі қолданыстағы шектеулер мен қағидалар туралы ақпарат жіберіледі, верификацияланған зертханалардың тізімі және тесттерді тапсыру үшін зертханаға қабылдауға, жазылу мүмкіндігі ұсынылады. ПТР тестілерінің нәтижесі, мерзімі 3 күннен артық болмауы керек екенін ескеріңіз.
 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары Қазақстанның осы жобаға қосылуының құқықтық және техникалық мәселелерін пысықтауда", - деп атап өтті министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны