27.04.2022, 18:12 18001

Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді

Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - ЕGov.kz Электрондық үкімет порталында арнайы шоттың автоматты түрде ашуына байланысты жеті әлеуметтік төлемді алу ыңғайлы болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ЕGov.kz сайтына сілтеме жасап.
 

Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі болмайды. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және "Банк ЦентрКредит" АҚ", - деп хабарлады Электрондық үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Бұл функция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ҚР ЕХӘҚМ) келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді:
 
  1. Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;
  2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
  3. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
  4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
  5. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;
  6. Көп балалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  7. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.
 

Біздің команда eGov.kz порталында қызмет алудың сапасы мен ыңғайлылығын арттыру үшін үнемі жұмыс істейді. Бұрын жеңілдіктер мен төлемдерге өтініш бергенде шот нөмірін қолмен енгізу қажет болатын, ал пайдаланушылар шот нөмірін енгізу кезінде жиі қателесетін. Енді шотыңыз бола тұра, қажетті банкті дүрыс таңдаған жағдайда, шот автоматты түрде экранда пайда болады. Егер шотыңыз жоқ болса, онда қызметті алу кезінде ашуға болады. Жаңа функция уақытты үнемдейді және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді",- деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

 
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде арнайы шот ашу үшін пайдаланушылар:
 
  • қажетті қызметті таңдап, толтырылуы міндетті жолдарды толтыру қажет;
  • тізімнен банкті таңдау қажет (Halyk Bank, Kaspi.kz және "Банк Центр Кредит" АҚ және т.б.);
  • ақша аудару үшін шотты таңдау қажет (шот банк жүйесінен автоматты түрде алынады);
  • қолжетімді әдістердің бірін пайдаланып, өтінімге қол қою және оның өңделуін күту қажет.
 

Арнайы банктік шот болған жағдайда, ол тізімде көрсетіледі және сұрау салу уәкілетті органының (ҚР ЕХӘҚМ) қаралуына жіберіледі. Сұраныс статусы туралы ақпаратты eGov.kz сайтындағы пайдаланушының Жеке кабинетінде қадағалауға болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны