20.07.2022, 17:08 13236

EGov Mobile мобильді қосымшасына кіру тек биометрия арқылы қолжетімді болады

Жаңартулар азаматтарға қосымшаның көбірек функционалын пайдалануға мүмкіндік береді және қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
EGov Mobile мобильді қосымшасына кіру тек биометрия арқылы қолжетімді болады
НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - EGov Mobile мобильді қомысшасына бір жолмен – бометрия арқылы кіруге болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY eGov.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Жаңартулар азаматтарға қосымшаның көбірек функционалын пайдалануға мүмкіндік береді және қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
 

Бұрын бізге пайдаланушылардан авторизациялау кезінде бір реттік SMS-парольден бас тарту біршама қолайсыздықтарға әкеліп соғатыны туралы шағымдар келіп түсетін, олар биометрия рәсімінен өткісі келмейді. Бірақ шын мәнінде Digital ID қазақстандықтарға бір реттік парольден гөрі қызметтерді алу мүмкіндігін береді. Енді биометрияны қолдану арқылы авторизациялау процесі әлдеқайда жеңіл және жылдам болды. Біз әрқашан қазақстандықтардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне мән береміз және бұл ретте авторизацияның осы түрінің артықтықшылықтары көп", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

 
Енді eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту оңайырақ болды. Ол үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек.
 
EGov Mobile қомысшасында биометрияны пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:
 
  • Қосымша функционалды мүмкіндіктер, оның ішінде Face ID, саусақ ізі немесе қысқа код арқылы қосымшаға кейіннен кіру (смартфонға және ондағы параметрлерге байланысты);
  • Push-хабарламаларды алу мүмкіндігі;
  • E-otinish платформасы арқылы сұраныстарды жіберу және т.б.;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету тарихында, егер процесті аяқтауға уақыт болмаса, қызметті алуды жалғастыру мүмкін болады;
  • Жеке деректерді неғұрлым сенімді қорғау.
 
Айта кету керек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны