06.12.2022, 13:09 10096

Екібастұз ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарыла ма

Ең алдымен, жағдайды бірлесіп түзету мәселесін қарастыру қажет
Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз жылу-электр орталығын мемлекет меншігіне беру мәселесін қарастыру қандай кезеңде тұрғанын айтты.
 

Бұл мәселе әлі талдау сатысында тұр. Мұнда шешім қабылдамай тұрып, оның жағдайын тексеру керек. Егер бұл мемлекетке үлкен ауыртпалық салса және іс жүзінде біз объектіні алып, иесіне сыйлық жасағандай боламыз. Сосын оған барлық қаражатты саламыз. Сондықтан, ең алдымен, жағдайды бірлесіп түзету мәселесін қарастыру қажет", - деді Серік Жұманғарин Үкіметте журналистерге берген сұхбатында.

 
Сонымен бірге Серік Жұманғарин Александр Клебановтың Екібастұз ЖЭО-сын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайындығы туралы пікір білдірді.
 

Үкімет бұл орталықты бір теңгеге сатып алып, 1 млрд теңге шығынға ұшырауы мүмкін. Сол үшін ЖЭО жай-күйін толық қарастырып, қанша қаражат кететінін талдау керек", - деді министр.

 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Апаттан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЭО-дағы апатты уақтылы қаржыландыру арқылы болдырмауға болатынын айтты.
 
Павлодар облысының прокуратурасыТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның тергеуін арнайы комиссия жүргізді. Екібастұздағы апаттыңсалдары әлі де жойылуда. Қалаға жөндеу жұмыстарына қосымша бригадалар келді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны