28.02.2023, 12:55 21396

Экология министрі Астанадағы мейрамханаларға ит етін сатуға қатысты пікір білдірді

Экология министрі Астанадағы мейрамханаларға ит етін сатуға қатысты пікір білдірді
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек

Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ит етін сату туралы ақпаратты Экология және табиғи ресурстар министрлігі зерттеп жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Зульфия Сүлейменова Үкімет кулуарында.

Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз, бірақ кейбір маңызды тұстары да бар - санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек, оған қоса заңнаманы бұзу фактісі бойынша ҚР ІІМ тарапынан шаралар күтілуде. Біз де осы заң жобасын әзірлеген уәкілетті орган ретінде кеше ғана осы мәселені талқыладық. Менің ойымша, жақын арада біз ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігімен әрі қарайғы шараларды әзірлеу үшін байланыс орнатамыз", - деп жауап берді министр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.


Экология министрі жануарларды қорғау және қаңғыбас жануарлар мәселелері де өзекті болып тұрғанын айтты.

Біз әкімдіктермен инфрақұрылымның болуы, қажеттіліктер бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс жүргіздік. Жақын арада біз Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды іске асыру бөлігінде қолайлы тетікті әзірлеу үшін зооқорғаушылармен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдермен консультациялар бастаймыз", - деді З. Сүлейменова.


Бұған дейін қаңғыбас иттерді аулап, олардың өлекселерін мейрамханаларға сатумен айналысқан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды.

Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны