29.06.2022, 17:17 15681

Экологтар "Ақжайық" резерватында Қызыл кітапқа енген құстардың қырылу себебін анықтап жатыр

Аймақты тексеріс кезінде 1000-нан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және 300 Өгіз шағала өлексесі тіркелді.
Экологтар "Ақжайық" резерватында Қызыл кітапқа енген құстардың қырылу себебін анықтап жатыр
Сурет: gov.kz
АТЫРАУ. 29 МАУСЫМ - "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстардың қырылу себептері анықталуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағала өлексесі тіркелді", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
 

Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды", - деп толықтырды ведомствода.

 
Бұған дейін Атырауда Қызыл кітапқа енген құстардың жаппай қырылғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны