26.07.2022, 13:42 15901

Электросамокатты қай жастан бастап жүргізуге болады және куәлік қажет пе - ІІМ жауабы

Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Дегенмен, 16 жастан асқан болуы керек.
Электросамокатты қай жастан бастап жүргізуге болады және куәлік қажет пе - ІІМ жауабы
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев электросамокат жүргізушілеріне куәлік қажет пе және жүргізуші қанша жаста болуы керек деген сұраққа жауап берді.
 
Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді, деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев. 
 

Электр самокаттарды басқару туралы стандарттар қабылданғаннан кейін осы жыл ішінде жол қозғалысы туралы заңға, жол қозғалысы ережелеріне және әкімшілік кодекске өзгерістер енгіземіз. Жол қозғалысы туралы заңда электр самокатты жүргізу құқығы кімдерге берілетінін, оның қандай міндеттері мен құқықтары бар екенін белгілейміз", – деді Жандос Мұратәлиев.

 
Комитет өкілі заңға енгізілетін нормалар басқа мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен талқыланғанын атап өтті. Стандартты қабылдау кезінде урбанистер, блогерлер, көлік компанияларының, қоғамның пікірі ескерілген.
 

Электр самокатын жүргізу үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Дегенмен, 16 жастан асқан болуы керек. Сонымен қатар қараңғыда көру үшін фаралармен немесе шағылыстырғыштармен жабдықталған болуы керек", – деп толықтырды Жандос Мұратәлиев.


Электросамокаттарға арналған ережелер Қазақстан стандартында жазылған.
 
Ақпарат көзі: informburo.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны