24.07.2024, 20:06 76956

Еліміздің оңтүстігінде өте қатты ыстық болады деп күтілуде

Еліміздің оңтүстігінде өте қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметінен. Алдағы күндері антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны