08.07.2021, 22:52 19130

Елордада 11 шілдеде қоғамдық көлік жұмыс істемейді

Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде режимін сақтау міндет болып саналады. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.
 
Бұған дейін хабарланғандай, өткен тәулікте республикада коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 2 800 жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 794.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны