29.07.2022, 16:51 23696

Елордадағы жекеменшік балабақшаларда балаларды қорлау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің 17 фактісі тіркелді

Елордадағы жекеменшік балабақшаларда балаларды қорлау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің 17 фактісі тіркелді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 29 ШІЛДЕ - 2022 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшаларда балаларды қорлау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің 17 фактісі тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оқу және тәрбие процесінде тәрбиеленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты 9 әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Жантүршігерлік оқиға елордалық "Сати" балабақшасында тіркелді. 
 

Әлеуметтік желілерде "Сати" жекеменшік инклюзивті балабақшасының тәрбиешілері баланың жылағанына назар аудармай, бүлдіршіндерді бұрышқа тұрғызып, оларға физикалық күш қолданып жатқаны туралы видео тарады. Тексеру нәтижесі бойынша балабақша меңгерушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеменің тиісті хабарламасыз жұмыс істегені анықталды", - деп хабарлады министрлікте.

 
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы "Majorik" балабақшасы да хабарламасыз жұмыс істеген. Оның басшылығына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
 
Бұдан басқа, елордадағы басқа мектепке дейінгі ұйымдарда да балаларға қатыгездікпен қарау фактілері анықталды.
 

"Еркетай" балабақшасында тәрбиешілер баланы әжетханаға қамап тастаған, соның салдарынан бала дене жарақатын алған. "Lily" орталығында бала басқа баланы ұрып-соққан, бірақ тәрбиеші жағдайға еш көңіл аудармаған. "Алан" балабақшасында тәрбиеші баланы ұрып-соққандықтан жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
 "BOTAQAN-2020" ЖШС-да аутизм диагнозы бар егіздердің денесінен тістің іздері табылса, "Baby Boom NurSultan" балабақшаларында балалар қолдарын күйдіріп алған. Министрліктің деректері бойынша, осыған ұқсас келеңсіз оқиғалар басқа балабақшаларда да анықталды.
 
Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар балабақшаларда анықталған елеулі бұзушылықтар туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны