30.06.2021, 23:36 16107

Энергетика министрлігі: Батыс аймақтың электр желілерін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Энергетика министрлігі Батыс аймақтың электр желілерін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру бойынша жобаны әзірлеу туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Батыс аймақтың электр желілерін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен (БЭЭЖ) біріктіру бойынша жобаның алдын ала ТЭН-і әзірленуде. Біріктіруді Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейін; Жезқазған қаласынан Атырау қаласына дейін; Шымкент қаласынан Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына дейін үш ықтимал бағыт бойынша 500 кВ желі салу арқылы іске асыруға болады", - деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметінде.

 
Сондай-ақ, Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЭЖ) батыс аймағының электр желісін күшейту үшін Орал – Оң жағалау – Индер – Атырау – Құлсары – Теңіз 220 кВ қолданыстағы транзитінің екінші тізбегінің электр желілік объектілерін салу жобасы басталды.
 

Аталған іс-шараны іске асыру батыс өңірлердің тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және елдің энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді реттеу үшін маневрлік қуат ретінде өңірдің газ генерациясының әлеуетін іске қосуға мүмкіндік береді", - деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есеп беру кездесуде.

 
Министр авариялық өшіру қаупіне байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр желілерін күшейту қажеттігін атап өтті. ОҚГРЭС-Жамбыл-Шымкент бағыты бойынша 500 кВ электр беру желісін салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр желілерін жаңғырту қажет болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны