12.03.2021, 19:18 12163

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Алматыда оқушылар қалай оқиды

13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді.
Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Білім басқармасы карантин жағдайында оқушылардың білім алу тәртібі туралы бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын түсіндірді.
 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді", - деді білім басқармасы. 

 
Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын. 
 
Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 - мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар - 17 жекеменшік білім ошағы. 
 
10 наурызда Алматы короновирус бойынша "қызыл" аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейді. 
 
Алматы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны