18.06.2021, 23:00 22830

Ермек Маржықпаев: басым міндет - медициналық көмектің сапасын жақсарту

КӨКШЕТАУ. 18 МАУСЫМ - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде барлық ықтимал шаралар мен шектеулер қабылданғанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Медициналық көмектің сапасын жақсарту және коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесіндегі басым міндеттердің бірі болып табылады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
 

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілді, 213 мониторингтік топ жұмыс істеуде", - деді аймақ басшысы.

 
Әкім бұрын белгісіз болған пандемияға қарамастан, коронавирусқа толық бейімделіп, төтеп бере алған дәрігерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Жыл басынан бері үш мыңнан астам медицина қызметкері 3 млрд теңгеден астам төлем алды.
 
Сондай-ақ, облыста денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 300-ден астам медициналық жабдық сатып алынады. Шалғай ауылдарға қызмет көрсету сапасын жақсарту және оларға қызмет көрсетуді толық қамту мақсатында 11 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Сондай-ақ, облыста медициналық мекемелердің құрылысы белсенді жүргізілуде.
 

Іске асыру кезеңіне шыққан ауқымды жоба облыс орталығында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында "Ellington Properties" компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру мерзімі - 2021-2024 жылдар", - деп атап өтті спикер.

 
Айта кетейік, биыл Қосшы ауылындағы жаңа емхананы, Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны және Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы алғашқы Медициналық-санитарлық көмек орталығын іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Степногорск, Атбасар, Бұланды және Сандықтау аудандарындағы төрт аудандық аурухана күрделі жөндеумен қамтылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны