30.04.2021, 21:20 28737

Hayat-Vax, QazVac және "Спутник V": қазақстандықтар үш вакцинаның біреуін таңдай алады

НҰР-СҰЛТАН. 30 СӘУІР - Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін халықпен есептік кездесуінде қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау және ҚР-да қолжетімді вакциналардың түрлері туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрдің айтуынша, Қазақстанда тегін вакцинация тек ел азаматтары үшін ғана қарастырылған емес.
 

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін де, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын тұруға ықтиярхаты бар азаматтар үшін де вакцинация тегін жүргізіледі. Кеше ғана коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде үш айдан астам уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да ел ішінде жалпы ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін тегін егіледі деген шешім қабылданды", - деді ол.

 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандық QazVac вакцинасы мен ресейлік "Спутник V" вакцинасынан басқа қазақстандықтар қытай технологиясы бойынша өндірілген араб вакцинасымен егіле алатынын атап өтті.
 

Бүгін біз Sinopharm компаниясының қытайлық технологиясы бойынша өндірілген Hayat-Vax араб вакцинасын аламыз. Қазір біз бұл вакцинаны күтеміз, ол аймақтарға түседі. Осылайша, бізде үш вакцина халыққа қол жетімді болады", - деді Алексей Цой.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны