11.06.2021, 21:42 13825

ІІМ: қашықтықтан оқыту кезеңінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық жағдайлары күрт өсті

Қылмыстың себептері көбінесе отбасылық проблемалар, тұрмыстық тәртіпсіздік және ата-аналардың бейәлеуметтік қылықтары болып табылады.
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАУСЫМ - Карантин және қашықтықтан оқытуға көшу кезеңінде Қазақстанда балаларға қатысты қылмыстар саны күрт өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халық алдында есеп беру кездесуі барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны соңғы 5 жылда 30% - ға қысқарды. Бірақ биылғы жылы статистика үштен бірге өсті (879-дан 1043-ке дейін). Бұған пандемия кезінде, оқшаулау жағдайында болуы және "онлайн" сабақтарда балалардың ұзақ уақыт мектепке бармауы ықпал етті", - деді ІІМ басшысы.

 
Оның айтуынша, қылмыстың себептері көбінесе отбасылық проблемалар, тұрмыстық тәртіпсіздік және ата-аналардың бейәлеуметтік қылықтары болып табылады. 
 

Қылмыстардың жартысына жуығы балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар болып табылады. Олардың басым бөлігін (78%) жақын адамдар, бұрын полицияның назарына түспеген туыстар жасайды. Мұндай қылмыстар жасырын сипатқа ие және көбінесе жария етілмейді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

 
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен учаскелік инспекторлар оларды профилактикалық сабақтар, балалармен әңгімелесу және денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс-қимыл барысында анықтайды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштер саны артты. Бұл ретте олардың басым бөлігі – өткен жылдары жасалған қылмыстар бойынша. 
 

Мұндай бірде-бір хабарлама, бірде-бір мәлімдеме ішкі істер органдарының назарынан тыс қалмайды", - деп сендірді министр.

 
Сондай-ақ, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, мұндай істерді осы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тек әйел тергеушілер ғана тергейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны