11.04.2023, 10:41 18046

Өңірлік операторлар жылыту маусымының қызған шағында кәсіпкерлерге әлеуметтік көмір сатты

Еліміздің 5 өңірінде 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті
Өңірлік операторлар жылыту маусымының қызған шағында кәсіпкерлерге әлеуметтік көмір сатты
Астана. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады", - деді Индустрия министрі.


Министрдің атап өтуінше, алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шаралары қабылданып жатыр.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ИИДМкґмір

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны