17.11.2022, 15:25 32451

Көшербаев "Ембімұнайгаз" директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Бұған дейін Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған.
Көшербаев "Ембімұнайгаз" директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
Сурет: А?орда
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
 
Қ.Көшербаев Қазақ политехникалық институтын (1978), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы (1991) бітірген. Инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы, философия ғылымдарының кандидаты. І санатты Төтенше және Өкілетті елші (2003).
 
Еңбек жолын "Главрисхозстрой" мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастады (1978-1979).
 
ҚР Білім және ғылым министрі, Батыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды.
 
Бұған дейін Қырымбек Көшербаевтың ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны