29.04.2021, 20:11 16616

Каспий итбалығының құтқарылған төлі теңізге жіберілді

Итбалықтар Каспий теңізінің экожүйесінде ерекше орын алады. Шекара қызметі баршаңызды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі итбалықтың төлі құтқарылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 28 сәуірде Құлалы аралында Каспий теңізіне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген "Pusa caspica" итбалығының төлі шығарылды, ол наурыз айының соңында ауыр халде табылған болатын.
 
Қауқарсыз әрі әлсіз итбалық төлін 2021 жылғы 29 наурызда Баутино кентінде жергілікті тұрғындар тауып алған еді. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған. Оның салмағы 4 кг-дан сәл артық болатын (қалыпты жағдайда 10-12 кг).
 

Құтқару жұмыстарын Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионымен бірлесіп "Қалқан" шекара катерінде жүргізді. Жануарды толық қалпына келтіру Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында (КИЗОО) өтті, онда барлық қажетті ветеринариялық және оңалту іс-шаралары жүргізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

 
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде "Бекіре" операциясы шеңберінде тек бір тәулік ішінде шекарашылар браконьер ауынан 6 итбалық пен көп мөлшердегі бекіре тұқымдас балықты табиғи мекендеу ортасына шығарды.
 

Браконьерлер итбалықтарды қара базарда сату үшін ұстайды (100 гр. майы 5000 теңге тұрады). Сіздердің назарларыңызды Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты ғалымдарының Каспий итбалығы майының емдік қасиеттері жоқ және адам денсаулығына қауіп төндіретіні туралы қорытындысына аударамыз", - делінген хабарламада.

 
Итбалықтар Каспий теңізінің экожүйесінде ерекше орын алады. Шекара қызметі баршаңызды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны