02.11.2022, 14:35 14466

Казинода ойнаған ІІМ-нің 97 қызметкеріне қатысты тексеру жүргізілуде

"Тергеу, тексеру жүріп жатыр. Барлығына адекватты баға беріледі", - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Казинода ойнаған ІІМ-нің 97 қызметкеріне қатысты тексеру жүргізілуде
Сурет: Polisia.kz
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Алматы облысының прокуратурасынан ойынханада миллиондаған теңге жоғалтқан ІІМ қызметкерлері туралы ақпарат пайда болғаннан кейін департаментте тексеру басталғанын айтты.
 
Айта кетейік, казинода ойнағаны анықталған мемлекеттік қызметкерлердің ішінде 97 адам ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері.
 

Тергеу, тексеру жүріп жатыр. Ондай қызметкерлер болады ғой. Мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің де Әдеп кодексі бар. Барлығына адекватты баға беріледі", - деді Марат Ахметжанов.

 
Министр тергеу тек қазіргі қызметкерлерге ғана емес, бұрынғы қызметкерлерге де қатысты жүргізіліп жатқанын айтты.
 

Кейбірлері жұмыстан шығып кеткендер. Бірақ барлығы тексерілетін болады", - деді ол.

 
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.
 
Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:
 
  • Ішкі істер министрлігі - 97;
  • Қорғаныс министрлігі - 95;
  • Қаржы министрлігі - 25;
  • Жоғарғы Сот - 7;
  • Қаржы мониторингі органдары - 15;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
  • әкімдіктер - 36;
  • басқа да мемлекеттік органдар - 27.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны