06.09.2022, 15:23 21986

Кейбір қазақстандық мектептер мен ауруханалар жылыту маусымына әзірше дайын емес

1 қыркүйекке білім беру нысандарының 99%-ы дайындалды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев алдағы 2022-2023 жж. жылыту маусымына сапалы және уақытылы дайындалу мақсатында ведомство жұмыс жоспарын бекіткенін айтты. Оған сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері:
 
  • 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын;
  • 2022 жылғы 15 қазанға дейін коммуналдық шаруашылықтың, әлеуметтік саланың, тұрғын үйлердің толық дайындығын және барлық автономды жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі қажет.
 

Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жоспарланған 11 157 білім беру объектісінің 11 075-і немесе жоспардың 99 пайызы жылу беру маусымына дайын. Білім беру нысандарының дайындығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында төмен қарқын байқалады. Сонымен қатар, қазіргі таңда денсаулық сақтау нысандарының 98%-ы, тұрғын үйлердің 88%-ы, автономды қазандықтардың 97%-ы, жылу желілерінің 94%-ы, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 86%-ы дайындалды", — деді Қ. Өскенбаев.

 
Оның айтуынша, бірқатар өңірлердің, әсіресе жаңадан құрылған облыстардың әкімдіктері жылу беру маусымына инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейту қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны