03.10.2022, 17:25 16101

Әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады

Әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 3 ҚАЗАН - Елімізде әлеуметтік көмірді банктік мобильді қосымша арқылы сату тетігі іске қосылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, әлеуметтік көмірді бірқатар қаржы және сауда ұйымдарының мобильдік қосымшалары арқылы сатуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
 

Осылайша бүгін Halyk Bank-пен бірлесіп, пилоттық режимде Halyk Market-те "Каз Интер Көмір" ЖШС-нің қатты отынын сату іске қосылды. Бұл кәсіпорын Қостанай облысының 10 ауданын көмірмен қамтып отырған өңірлік оператор болып табылады", - деп хабарлады ҚР ИИДМ.

 
Мобильді қосымша арқылы сату нүктесін, көмірдің қажетті маркасын және көлемін таңдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге онлайн төлем жасап, тауарды 3 айдан 6 айға дейін бөліп төлеуге болады.
 

Аталған заманауи шешім қатты отынды тікелей және кезексіз сатып алуға, сондай-ақ халықтың жылыту маусымына дайындығын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлікте.

 
Тиісті жұмыстар басқа да өңірлерде жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта аталған платформаға Алматы қаласындағы көмір операторы да қосылуда.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкіметтегі кеңесте Премьер-Министр көмір жеткізу мен бөлуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны