18.10.2021, 19:28 51688

Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол берілмейді - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАЗАН - Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол берілмейді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, биыл өнімділік төмен, 10 центнер, өткен жылы гектарынан 13 ц болған. Бірақ жиналған көлем ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті болады. Бұл нан мен тағамға арналған бидай. 2 млн тоннаға жуық астық тұқымдық материал ретінде жұмсалады, сондай-ақ астық мал шаруашылығында өте қарқынды пайдаланылады. Сонымен қатар, өткен жылғы қорларды қоса алғанда, 6,5 млн тонна экспорттық әлеует бар. 
 

Ішкі бағаға келетін болсақ, шын мәнінде, астық та, оны өңдеу өнімі ұн да экспорттық тауар болып табылады және олар әлемдік бағалардың конъюнктурасына тәуелді, FAO халықаралық ұйымының болжамына сәйкес, бұл өнімдерге жалпы Азық-түлік тобына орта мерзімді перспективада өсім орын алады", - деп түсіндірді АШМ басшысы.

 
Оның айтуынша, биыл Қостанай облысының бірқатар өңірінде түсім төмен болды. Оңтүстік өңірді алатын болсақ, ондағы өнімділік одан да төмен болды, тиісінше, фермерлер үлкен шығынға ұшырады, астықтың өзіндік құны өсті. 
 

Осыған байланысты, бір жағынан, бұл фермерлеріміздің, астық өсіретін кәсіпорындардың қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді, өйткені экспорттық түсімнің есебінен келесі жылға қаржы қаражаты болуы және келесі жылдың көктемгі-далалық жұмыстарын табысты жүргізу үшін тағы да дайындалу керек", - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

 
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының пікірінше, ел ішінде министрлік әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру үшін кешенді шаралар қабылдауда.
 

Ел ішінде, ең маңызды үлкен блоктарға тоқталсақ, азық-түлік себетіне өте үлкен әсерін тигізетін әлеуметтік нан бағасы (бұл бірінші сұрыпты 550 грамм нан) бойынша сұрақ туындайды. Нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданады, бірінші кезекте бұл "әлеуметтік" нан өндіретін барлық кәсіпорындарды астықпен, қажетті ұнмен қамтамасыз ету. Осы мақсатта Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік резервтерден арзандатылған астықты ұн тарту кәсіпорындарына "әлеуметтік" нан өндіру үшін жібере алатындай етіп заңнамаға өзгерістер енгіземіз. Үкімет бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайды, біз өңірлерге қызметтерді бөлдік", - деп атап өтті ведомство басшысы. 

 
Яғни, жыл соңына дейін өңірлер тұрақтандыру қорларында нан-тоқаш өнімдерін өндіру үшін ұн жинақтайды. Жаңа жылдан кейін бұл жұмысқа азық-түлік келісімшарт корпорациясы қосылады. 
 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу есебінен шамамен 680 мың тонна астық сатып алуды жоспарлап отыр, бұл астықтың 60% жеткізілді. Өткен жылдан бергі резервтерімізді ескерсек, мемлекеттік резервтегі 400 мың тоннаға жуық астық нарықты тұрақтандыру үшін жеткілікті болады. Біз "әлеуметтік" нан бағасының күрт өсуіне жол бермейміз. Ол үшін барлық құралдар, қажетті резервтер бар", - деп сендірді Ербол Қарашөкеев.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны