02.03.2021, 20:00 9931

Үлкен Алматы шатқалына бару бөгеттер құрылысына байланысты шектеледі

Сондықтан бұған тиісті түсіністікпен қарау қажет, өйткені бұл алдағы уақытта мегаполистің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны жағдайы туралы айтып, Алматы тұрғындарына Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қою туралы ескертті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрдің айтуынша, су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Бұл 10 мыңнан астам қызметкер және 1,8 мыңнан астам бірлік техника. Халықты құлақтандыру мәселелері де пысықталды.
 
ТЖМ "Қазгидрометпен" бірлесіп алдағы су тасқыны кезеңін болжау үшін күшейтілген мониторинг пен апта сайынғы қар қорын тексеруге көшеді.
 

"Қазгидромет" алдын ала берген болжам бойынша Ақмола облысындағы Шағалалы өзенінің бассейнінде ылғал қоры нормадан 54%-ға, Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзенінің бассейнінде 50%-ға және Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің бассейнінде 39%-ға артық", - деді министр.

 
Оның мәліметінше, наурыз айының басында "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. Оның барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексерілетін болады. Күштер мен құралдарды жедел жеткізу және зардап шеккен адамдарды жедел эвакуациялау үшін "Қазавиақұтқұтқару" АҚ 20 әуе кемесі дайын тұр.
 

Су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар кешені" Жол картасы шеңберінде төрт жыл ішінде 315 елді мекенде су басу қаупін толығымен жоюға және 314 елді мекенда азайтуға мүмкіндік берді.

 

Биылғы жылы еліміз бойынша әкімдіктер төтенше резервтер мен шұғыл шығындарға арналған резервтерге 38,1 млрд.теңге бөлді. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні әкімдіктер елді мекендерден 14,7 млн. текше метр қар шығарды", - деді Ильин.

 
ТЖМ мәліметі бойынша, қыс кезеңінің басынан бері еліміз бойынша барлығы 1 063 дауылды ескерту жарияланды, тас жол учаскелері 682 рет жабылды, жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалысқа 233 рет шектеу енгізілді. 
 
Төтенше жағдайлар мен оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында азаматтардың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы 3 708 СМС-хабарлама жіберілді. "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тұрғындарға 1 057 хабарлама жіберілді. 
 
Құтқару бөлімшелері өзара іс-қимыл жасайтын қызметтермен бірлесіп 1242 адамды, оның ішінде 74 баланы құтқарды және эвакуациялады, 97 жылыту пункті іске қосылды, 439 бірлік техника шығарылды.
 
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтерінің 5 027 адамы мен 1 396 техникасы жұмылдырылды.
 
Ол, сондай-ақ, сел ұстайтын бөгеттердің салынуына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізілетінін айтты.
 

Ағымдағы жылы біз Аюсай және Ақсай шатқалдарында селге бөгет жасайтын екі бөгеттің құрылысын бастадық. Алматы қаласының тұрғындарына алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары жақсы көретін Үлкен Алматы шатқалына бару бойынша кейбір шектеулер енгізілетінін ескерткім келеді. Сондықтан бұған тиісті түсіністікпен қарау қажет, өйткені бұл алдағы уақытта мегаполистің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны