02.11.2022, 14:26 11866

МҚІА шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуын тексеруде

МҚІА шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуын тексеруде
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылық анықталған жағдайларда нақты шаралар қолданылатын болады", - деп сендірді ведомствода.

 
МҚІА мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалғанын атап өтті.
 

Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің Алматы облысының казиносында 500 миллион теңгеден астам қаражат жұмсағаны туралы ақпарат тараған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны