09.11.2023, 17:59 62736

Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Ол 2021 жылы қазақстандық блогер Айдын Түсіпов Мәскеуде такси айдап әкету пранкін жасағаны үшін 3,5 жылға сотталған болатын
Мәскеуде көлік ұрлығы пранкі үшін 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айдын Түсіпов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті", - деді Kazinform тілшісінің сауалына Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.


Айта кетсек, 2021 жылы қазақстандық блогер Айдын Түсіпов Мәскеуде такси айдап әкету пранкін жасағаны үшін 3,5 жылға сотталған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны